Қытайда оқыту – Қазақстан үшін пайда

Бейжіңдегі China Petroleum университетінде Қытайдағы қазақ студенттері қауымдастығының VIII құрылтайы өтті.

Қазіргі құрылтайдың негізгі тақырыбы – «Жастардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі». Іс-шараға Қытайдың 17 қаласының жоо-ларында оқитын 250-ден астам қазақстандық студент қатысты. Ашылу салтанатына Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Қытай мұнай университетінің вице-ректоры У Сяолин, форумның демеуші компаниясының өкілі, сондай-ақ KSAC төрағасы Нұргүл Мақұлбек сөз сөйледі. «Елшілік қазақстандық студенттерге тағылымдамадан өту және жоғары оқу орнынан кейінгі жұмысқа орналасу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Өткен жылдан бастап Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын қытайлық компаниялармен бірлесіп «бос орындар жәрмеңкесін» бірлесіп өткізу тәжірибесін бастадық. «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатын түйістіру аясында біздің елімізде қосымша 55 кәсіпорын ашылатыны белгілі. Бұл болашақта 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, олардың басым бөлігі қытай тілін білетін мамандарға түсетіні сөзсіз», – деді А.Нұрышев. Ол «бос орындар жәрмеңкесін» Қытайдың шетелдік кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығымен бірлесіп өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.